Среда, 08.05.2024, 09:15
Приветствую Вас Гость | RSS
Меню
Категории раздела
Сайтқа кіру
Іздеу
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Жамбыл атындағы ММИ

Каталог статей

Главная » Статьи » Мои статьи

ФУНКЦИОНАЛДЫ САУАТТЫЛЫҚ – САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ КЕПІЛІ

 

ФУНКЦИОНАЛДЫ САУАТТЫЛЫҚ – САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ КЕПІЛІ

Қазіргі уақытта білім беру жүйесінде «функционалдық сауаттылықты» қалыптастыру мәселесін негізге алудың өзектілігі артып отыр.

Елбасы 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында бес жылдық ұлттық жоспар қабылданғаны баршамызға белгілі. Ұлттық жоспардың мақсаты - Қазақстанда білім сапасын жетілдірудегі, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі атқарылатын іс-шаралардың жүйелілігі мен тұтастығын қамтамассыз ету болып табылады. 

Оқушылардың функционалдық сауаттылығы,  біріншіден үйден отбасынан басталса, екіншіден мектептен басталады.

Жамбыл атындағы мамандандырылған  мектеп-интернатында 2016 жылдың 21 желтоқсанында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың  оқу әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен жаратылыстану-математика пәндерінің (химия, биология, физика, география, математика) мұғалімдері үшін «Іс-тәжірибемізбен бөлісеміз» атты облыстық жоба аясында «Функционалдық сауаттылықты дамытудың тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға облыстық мамандандырылған мектеп интернаттары мен Қарағанды қаласы мектептерінен жаратылыстану-математика пәндері бойынша 40 мұғалім қатысты. 

Жаратылыстану-математика пәндерін оқытуда инновациялық әдістерді, заманауи білімдік және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға, алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана алатындай білім беру мен тәрбиелеу керектілігі семинардың басты мақсаты етіліп алынды.

Семинарды ҚО ББД ОӘО  әдіскері Тукбаева Зәуре Есенгелдіқызы мен мектеп директоры Қ.Н.Илимбаев сөз алып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру қазіргі заман талабы екендігін атап өтті.

Семинардың негізгі бөлімінде, ұстаздарымыз ашық сабақтар көрсетті. Жаратылыстану пәндері сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту негізінде оқытудың белсенді стратегияларын қолдану, танымдық есептерді  шешу қабілеттерін дамыту, іс жүзінде алған білімдерін өз тәжірибесінде қолдана білуге үйрету мақсатында 8-сыныпта физика пәнінен З.А. Абдыкалыкова «Электр тогы. Ток көздері», 9-сыныпта математика пәнінің мұғалімі Т.А.Майкопова «Геометриялық прогрессия», 7-сыныпта география пәнінің мұғалімі Н.Т.Бекберлінов «Халқы және аймақтың саяси картасы, Аустралия Одағы», 7-сыныпта жас маман биология пәнінің мұғалімі Н.Нұрмашқызы «Кенелер.Тіршілік ортасы. Табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы», 8-сыныпта химия пәнінің мұғалімі Құсайын Қарақат «Оттектің химиялық қасиеттері» тақырыбында ашық сабақтар өткізді.

Семинардың екінші бөлімінде  «Биология пәнінде функционалдық сауаттылықты арттыру арқылы оқушы құзыреттілігін дамыту» тақырыбында биология пәнінің мұғалімі А.Т.Бекбауова шеберлік сынып өткізді. Шеберлік сыныпта функционалдық сауаттылық тапсырмаларын құрастыру әдістері көрсетіліп, әр топқа мамандықтар, мысалы өнер мамандары, техникалық мамандар, медицина саласы, педагогика-псхология бойынша кәсіби бағдар беру мақсатында жаранамалау, түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру бойынша тапсырмалар берілді.

«Оқушылардың математикадан функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмалар» тақырыбында математика пәнінің мұғалімі М.А.Мұхамеджанова шеберлік сынып өткізді. Мақсаты, оқытудың жаңа технологиясын іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіруде оқушының білім жетістіктерін арттыру, тест сұрақтарына жауап беру мәселелерін шешу, функционалдық сауаттылығын арттыруда белсенді жұмыс түрлері арқылы жоғары нәтижеге жетуге ықпал ету. ҰБТ-де кездесетін логикалық тапсырмаларға шолу жасалып, қиындық деңгейін анықтай отырып, талдау жасады.

 Функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған тапсырмаларды әзірлеуге дағдыландыру мақсатында «Оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын арттыру» тақырыбында коучингті қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Ш.Капашева мен информатика пәнінің мұғалімі Б.М.Мұхамеджанова және «Танымдық қабілетті дамытудағы әлеуметтік өзара әрекеттестіктің маңызы» атты коучингті тарих пәнінің мұғалімі М.Ә.Табынбекова жүргізді.

Информатика пәнінің мұғалімі Б.К.Кажыкенованың ұйымдастыруымен «Biolad–роботын бағдарламалау» атты көрмеде робототехника үйірмесінің жұмыстары көрсетілді.

Семинарды қорытындылау кезінде семинарға қатысқан мұғалімдер оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту үшін сабақты қалай түрлендіру, өмірмен байланыстыру, сол арқылы пәндік білімдерін, ептіліктерін және сауаттылығын қалай арттыруға болатындығын іс жүзінде көрдік, болашақта өз жұмысымызда  пайдалану жөнінде құнды мағлұматтар, бағыт бағдар алғандықтарын атап өтті.

 «Функционалдық сауаттылықты дамытудың тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбындағы семинар мақсатқа сай жоспарланған және әрбір іс-шара мақсатқа жетті.  Өзім қатысқан сабақтардан алған әсерім жоғары. Функционалдық сауаттылыққа байланысты бірнеше тапсырмалар жоғары деңгейде, сауатты құрастырылған. Жоба бойынша әр мектептің сабақтарына қатысқан кезде, мұғалім функционалды сауатты болмай, оқушыныңда сауатты болмайтындығына көзім жетті,-деді №2 Қазақ-түрік лицей–интернатының директордың бейіндік жөніндегі орынбасары С.Б.Едилбаева.

Ел басымыз Н.Ә.Назарбаевтың: «Бүгінгі заман білектің емес, білімнің заманы» дегенін ескерсек, заман талабына сай дайындалған мұғалімнің шеберлігі мен жетістігі сапалы білім мен саналы тәрбие алған шәкірттерінде болмақ.

Қазақстанның одан әрі Мәңгілік Ел болып өркендеуі, жан – жақты дамуы үшін оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту арқылы, өмірге бейімделген тұлға тәрбиелепшығарып, талай асулардан абыроймен өтеміз деп ойлаймын.

Жамбыл атындағы ММИ мұғалімі

Б.М.Мухамеджанова

Категория: Мои статьи | Добавил: zhambylshool7 (31.01.2017)
Просмотров: 2248 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar