Н.Қ. Қайырбаев атындағы дәстүрлі аймақтық математикалық
олимпиаданың ережесі
1. Жалпы ереже
Атаулы Ереже Н.Қ. Қайырбаев атындағы олимпиаданы өткізудің мақсаты мен міндеттерін және олимпиаданы өткізудің тәртібін,ұйымдастыру-әдістемелік қамтамасыздандырылуын, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді іріктеуді белгілейді.Олимпиада Қарағанды қаласының Құрметті азаматы, халық ағарту ісінің көрнекті қайраткері, көп жылдар бойы Жамбыл атындағы облыстық №7 дарынды балаларға арналған мектеп-интернатын басқарған, математика пәнінің мұғалімі Н.Қ. Қайырбаевтың құрметіне өткізіледі. Қайырбай Нұрахмет Қайырбайұлы 1927 жылы Қарағанды облысы,Қарқаралы ауданының №3 ауылында туған. 1976-1996 жылдары Жамбыл атындағы мектеп-интернатта(1994 жылдан облыстық мектеп-интернат гимназия) директор, 1997-2004 жылға дейін осы мектепте менеджер-ақпаратшы болып жұмыс атқарды. Мұғалімдердің ББҚБА және ҚД институтында әдіскер-ұйымдастырушы, облыстық білім департаменті жанындағы ақсақалдар кеңесінің мүшесі болды.
Н.Қ. Қайырбаев атындағы олимпиада зияткерлік әрекет саласында білімін ғылым жолымен жалғастыруға негіздеген дарынды оқушыларды айқындау мен қолдауды жорамалдайды.
Олимпиаданың міндеттері:
- оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен ғылыми-зерттеушілік әрекеттерге қызығушылығын айқындау мен дамыту;
- оқушылардың негізгі ғылым саласына деген шығармашылық қызығушылықтарын дамыту;
- ұлттық білім дәрежесін көтеру;
- жастар арасында ғылыми білімді насихаттау.
2. Олимпиаданың өткізу тәртібі мен қатысушылары
Олимпиадаға жалпы орта білім бағдарламасын меңгерген Қарағанды облысының өңірлерінен төртінші сынып пен оныншы сыныпқа дейінгі мектеп оқушылары қатыса алады. Олимпиаданың өткізілу мерзімі білім басқармасы бұйрығымен белгіленеді.
3. Олимпиаданың ұйымдастыру-әдістемелік қамтамасыздандырылуы
Олимпиаданың ұйымдастыру-әдістемелік қамтамасыздандырылуы үшін жыл сайын Ұйымдастыру комитеті құрылады. Ұйымдастыру комитетінің құрамы білім басқармасының бұйрығымен бекітіледі. Ұйымдастыру комитеті Қарағанды облысы жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамынан және Олимпиаданы өткізуге қатысатын басқа да ұйымдардың өкілдерінен құрылады.
Ұйымдастыру комитеті:
- Олимпиаданың өту уақытын белгілейді;
- Олимпиаданың іс-шараларын өтуін тікелей қамтамасыз етеді;
- Олимпииаданың әділқазылар алқасы мен әдістемелік комиссиясы құрамын құрастырады;
- Әділқазылар алқасының пән(кешенді пән) бойынша берген есептерін тыңдайды;
- Олимпиаданың әділқазылар алқасымен, әдістемелік комиссиясымен бірлесе отырып, олимпиадаға қатысушылардың пән(кешенді пән) бойынша апелляцияларын қарастырады және олардың нақты нәтижесінің шешімін қабылдайды;
- Олимпиаданың пән(кешенді пән) бойынша жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің тізімін анықтайды;
- Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттайды;
- Олимпиаданың өту уақыты мен графигі, қатысушылар құрамы, жеңімпаздар мен жүлдегерлер туралы ақпараттарды еркін алуды қамтамасыз етеді;
- Олимпиада туралы Ережеге сәйкес басқа да функцияларды атқара алады.
- Олимпиаданың пән(кешенді пән) бойынша әдістемелік комиссиясы құрамына жоғары оқу орындарының профессорлары мен оқытушылары, сонымен қатар орта білім беру мекемелерінің мұғалімдері мен пәндер бойынша басқа мамандар да енгізіледі.
Олимпиаданың әдістемелік комиссиясы:
- пән бойынша олимпиадалық тапсырмалардың материалдарын дайындайды;
- пән бойынша олимпиадалық тапсырмалардың орындалуын бағалау әдісі мен критериилерін анықтайды;
- Олимпиаданың Ұйымдастыру комитетіне Олимпиаданы ұйымдастыруды жүзеге асыру бойынша ұсыныстарын ұсына алады;
- Олимпиаданың Ұйымдастыру комитетімен, әділқазылар алқасымен бірлесе отырып, олимпиадаға қатысушылардың пән бойынша апелляцияларын қарастырады;
- Олимпиада туралы Ережеге сәйкес басқа да функцияларды атқара алады;
- Олимпиаданың пән (кешенді пән) бойынша әдістемелік комиссиясы құрамына жоғары оқу орындарының профессорлары мен оқытушылары, сонымен қатар орта білім беру мекемелерінің мұғалімдері мен пәндер бойынша басқа мамандар да енгізіледі.
Олимпиаданың әділқазылар алқасы:
- олимпиада тапсырмаларын тексереді және Олимпиадаға қатысушылардың басқа да сынауларын бағалайды;
- пән (кешенді пән) бойынша олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің кандидатурасын анықтайды;
- Олимпиаданың Ұйымдастыру комитетімен, әдістемелік комиссиямен бірлесе отырып, олимпиадаға қатысушылардың пән (кешенді пән) бойынша апелляцияларын қарастырады;
- Олимпиаданың Ұйымдастыру комитетіне Олимпиаданы ұйымдастыруды жүзеге асыру бойынша ұсыныстарын ұсына алады;
- Олимпиада туралы Ережеге сәйкес басқа да функцияларды атқара алады.
Олимпиаданың қорытындысын шығару
- Олимпиаданың қорытындысы 1 күннің нәтижесі бойынша командалық және жеке біріншілікте шығарылады: математика пәні ұпайының жиынтығы.
- Олимпиада кезеңдерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысушының Олимпиада кезеңдеріне сәйкес нәтижелері негізінде анықталады.
- Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Олимпиада кезеңдерінің шешуші кезеңінің нәтижесі бойынша анықталады.
- Егерде тапсырма 60%-ға орындалса, нәтиже есепке алынады. Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері І,ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады
- Олимпиаданың пән ұпайының жиынтығы бойынша жеке жоғары нәтиже көрсеткен жеңімпазға демеушілер атынан ақшалай сыйақы тағайындалады.
Ақпараттық хат
Олимпиада мақсаты:
- математика ғылымын насихаттау;
- оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту;
- дербестікке, іздемпаздыққа тәрбиелеу.
- оқушыларға өз қабілеттерінің жоғары деңгейін көрсету мүмкіндігін беру, дарынды балаларды және талантты балаларды анықтау.
- Олимпиадаға кіретін тапсырмалар мектеп бағдарламасы көлемінде, олимпиада есептері негізінде құрастырылды: