Пятница, 26.04.2024, 01:17
Приветствую Вас Гость | RSS
Меню
Категории раздела
Сайтқа кіру
Іздеу
Күнтізбе
«  Февраль 2017  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Жамбыл атындағы ММИ

Главная » 2017 » Февраль » 6 » Ә.Ермековтің өмір жолы және қоғамдық - саяси көзқарасының қалыптасуы.
12:03
Ә.Ермековтің өмір жолы және қоғамдық - саяси көзқарасының қалыптасуы.

Мақсаты: Оқушыларды мемлекетіміздің кешегі де бүгінгі белді қоғам қайраткерлерінің өмірі мен еңбек жолымен таныстыру, насихаттау.Өскелең ұрпақты ұлтжанды, тұлғаларға еліктеуге, елінің тарихын, мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу

    Н.В.Гоголь атындағы Облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өткен Қазақ халқынан шыққан тұңғыш математик, профессор, қазақстан мемлекеті құрылуының басында тұрған тұлғалардың бірегейі,Алаш арысы Ә.Ермековтің туғанына 125 жылдық мерей тойына арналған дөңгелек үстел өтті. Осы дөңгелек үстелге кітапхананың шақырылуымен Жамбыл Жабаев атындағы мамандандырылған мектеп интернатының  8-сынып оқушылары және кітапханашы Темиргалиева.Т.Д. барып қатысып қайтты. Бұл кешке арнайы қонақ ретінде доцент, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың археология, этнология және Отан тарихы кафедрасының меңгерушісі және Ә.Ермековтің шәкірті ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, профессор, Халықаралық Ақпараттандыру академиясының академигі және студенттер қатысты. "Тәуелсіз Қазақстан және Алаш арысының мұрасы атты" дөңгелек үстелде Ә.Ермековтің өмір жолы және қоғамдық- саяси көзқарасының қалыптасуы туралы және Ә.Ермековтің ғылыми-ағартушылық қызметі туралы көптеген мағұлматтар айтылды. Ә.Ермеков қоры бойынша экскурсияны ҚарМТУ  тарихы мұражайының меңгерушісі Жасарова Дәмеш Жаңбырбайқызы жүргізіп таныстырды. Оқушылар өздерінің кітапханаға деген қызығушылықтарын арттырып, болашақта өздеріне керек мағұлматтарды осындай кітапханалардан алатындықтарын айтып, осындай әр түрлі кештерге қатысып, кітапханаға оқырман болатындықтарын  қуана білдірді.  Ең соңында "Тәуелсіздік жаршысы" кітап көрмесін наисхаттаудағы ақпараттық шолудың куәсі болды.

                  

                                         Дайындаған кітапханашы: Темиргалиева.Т.Д.

           

Категория: Мектеп жаңалықтары | Просмотров: 1509 | Добавил: zhambylshool7 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
avatar