Мектеп тарихы
Мектеп тарихы
Арқа өңіріндегі білім шуағын шашқан Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының іргетасы өткен ғасырдың 1927- 1928 оқу жылдарында қаланған. Мектептің ашылуы, оның дамуы Қарағанды көмір кенішінің ашылуымен және қала ірге тасының қаланып, салынуымен тікелей байланысты. Ескі қалада ашылған алғашқы мектеп кен игерушілердің балаларына арналған бастауыш және ересектер арасындағы сауатсыздықты жою орталығы, кейінірек кәсіптік мамандықты қоса беретін жетіжылдық фабрика-зауыттық білім ордасы болып қалыптасты. Бүгінгі күндері облысымыздағы білімнің қара шаңырағы «ХХ ғасырдың Гомері» атанған қарт ақын Жамбыл атындағы білім ордасының өсу жолдарына көз жүгіртейік:
1927 жылы — ескі қаладағы Шмидт көшесінің бойында екі комплектілі бастауыш мектеп болып ашылған. Сол жылдары оқыған милиция полковнигі Төлеутай Түсіпбековтың (Республика Бас Прокуроры болған Р.Түсіпбековтың әкесі) естелігінде «бір мезетте екі класқа бір мұғалім сабақ беретін еді», — деп жазған екен.
1930-31 оқу жылында бастауыш мектептен орталау мектепке айналып, қазақ-орыс фабрика-заводтық жетіжылдық мектеп болып аталды.
1935-36 жылдары мектепке Жамбыл Жабаев есімі беріліп, үлгілі қазақ орта мектебі болып құрылды.
1937-38 жылы алғаш 12 түлек ұядан ұшты.
1939 жылы 11 бала бітірді.
1941 жылы мектепті 10 бала бітірді.
1942 жылы мектеп бітірушілер болған жоқ.
1943 жылы 8 бала бітірді.
1944 жылы 15 бала бітірді.
1945 жылы 11 бала бітірді.
1945-46 оқу жылында пансион ашылды.
1960-70 жылдары Жамбыл атындағы қазақ орта мектеп-интернаты статусын алды.
1974-75 оқу жылынан бастап облыстық дәрежедегі Жамбыл атындағы облыстық қазақ орта мектеп-интернаты болып қайта құрылды.
1992-93 оқу жылында жаңа типті мектептерге көшу үрдісі басталған мезетте мектеп-интернат гимназия сыныптары ашылды.
1994 жылы сәуір айында — облыстық мектеп-интернат гимназия статусын алды.
1997-2002 жылдары толық мектеп-интернат гимназия ретінде эксперименттік алаңға шығып, тұрақты статусқа ие болды.
2000 жылы облыстық таңдаулы интернат байқауында ІІ жүлделі орынға ие болды.
2001-2002 оқу жылында облыстық «Таңдаулы инновациялық мектеп» байқауында ІІ орынды иеленді.
2002-2003 Республикалық үздік жүз мектептің қатарына енді.
2006 жылы Жамбыл атындағы облыстық №7 дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныпты гимназия-интернат мектебі болып құрылды. 02.03.2006 жыл №0040316 мемлекеттік лицензия берілді.
2008 жылы Жамбыл атындағы облыстық №7 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат тұрақты статусын иеленді.
Лицензия 29.08.08ж. Серия АБ №0039644 . Мектептің қазіргі мекен-жайы: 12 ықшам аудан, 3 үй.
Әр кезеңдегі мектеп директорлары:
Т. Оспанов 1927-1931 жж.
Қ. Мұсылманов 1931-1933, 1938-1942, 1957-1959 жж.
Е.Әбілов 1934-1938 жж.
Н.Ж.Яруллина 1942-1943 жж
Л.С.Суженко 1944-1946 жж.
Т.К.Кельтенов 1946-1948 жж.
К.О.Исин 1948-1957 жж.
Ж.Сәрсекеев 1960-1962 жж., 1965-1966 жж.
Н.И.Исмағұлова 1963-1964 жж.
Н.О.Оспанов 1966-1971 жж.
А.Ө.Өтешов 1971-1974 жж.
С.М.Мәдиев 1974-1975 жж.
Н.Қ.Қайырбаев 1975-1997 жж.
Қ.А.Айтқұлов 1997-2006 жж.
Қ.Н.Илимбаев 2006 жылдан бері.