Понедельник, 14.10.2024, 10:24
Приветствую Вас Гость | RSS
Меню
Категории раздела
Сайтқа кіру
Іздеу
Күнтізбе
«  Октябрь 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Жамбыл атындағы ММИ

Қауіпсіз интернет

Қауіптің алдын алып, балалардың интернеттегі жұмысын пайдалы ету үшін ата-аналарға ақыл-кеңес

Қауіпсіз Интернет        Балаларыңыздың «әлемдік тордағы» іс-әрекетін мұқият қадағалап отырыңыз: балаңызды  Интернетте «Емін-еркін» жібермеңіз. Баланың Интернеттегі қарым-қатынасына, әсіресе меңгеру кезеңіне белсенді қатысуға тырысыңыз. Балаңызбен Интернеттің арқасында қандай жаңалық білгені туралы сөйлесіп отырыңыз және Интернеттің қауіптілігі жөнінде әңгімелеуді ұмытпаңыз.

 

 

Ғаламтордағы қауіпсіз өмір ережелері

Ғаламторда жарияланған ақпараттың барлығы негізді емес, сондықтан:

  • Балалардың  сындарлы ойлауын қалыптастырып, ғаламтордағы ақпараттың барлығы шынайы емес екенін түсіндіру керек;
  • Баланы ғаламтордан алған ақпаратты басқа ақпарат көздерімен салыстыруға үйретіңіз;
  • Балаларды түрлі жолмен ақпарат іздеуге үйретіңіз.

Ғаламторда  ұнамсыз ақпараттар кездестірген жағдайда:

  • Балаларға адамдар және нәсілдер арасында жауласудың  еш ретсіз дүние екенін түсіндіріңіз;
  • Баламен дін туралы сөйлесіңіз, басқалардың сенімін сыйлауға үйретіңіз;
  • Баланы жағымсыз, зиянды ақпараттарды тануға, ондай ақпараттардан бойын аулақ ұстауға үйретіңіз;
  • Қорғаудың  бағдарламалық құралдарына  бақылаудың қосымша элементі деп қараңыз.

 

Баланың ғаламтордағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету:

  • Балалар қашан да үлкендердің көмегіне жүгіне алатын болу керек;
  • Балалардың ғаламторда бір-бірімен сөйлескенде,  әдеп сақтап, сыпайы болуын талап етіңіз;
  • Рұқсатсыз ғаламтордағы жаңа таныстарымен кездесуіне жол бермеңіз;
  • Спам хаттарды  кейін қайтарудың, басқа біреуге жіберудің еш қажеті жоқ.
  • Баланың әлеуметтік сайттарда арандатушы ақпарат, сурет, видео салуына тиым салыңыз;

Өзі туралы ақпаратты ғаламторда жариялауға тиым салыңыз (тегі, аты, мекенжай, жасы, телефон нөмірі, электронды мекенжай, мектептің атауы, сыныбы, достарының тегі,туыстары).

 

Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарына кеңест (7-10жас):

  • Баланы өзіңіз рұқсат еткен сайттарға кіруге үйретіңіз.
  • Балаға кіруге болмайтын сайттарды блокқа салып қойыңыз.
  • Өзі туралы ақпарат беруде бала  ата-анасымен кеңесетін болсын.
  • Ата-ананың рұқсатынсыз бала ғаламтордан ештеңе жүктемеуі керек.
  • Бұл жаста  хабарламамен тез алмасатын (мысалы, , Skype) құралдарды қолдануға рұқсат етпеңіз.
  • Балаңызбен оның ғаламтордағы достары туралы сөйлесіп тұрыңыз.
  • Баланы ғаламторда бірдеңе мазаласа, оны бірден сізге айтатын болсын.

Орта буындағы балалардың ата-анарына кеңес (10-13жас)

  • Өзі туралы ақпараттың құпиялығын баланың есіне салып отырыңыз;
  • Ғаламтордан  бағдарлама немесе файл жүктер алдында рұқсат сұрауға үйретіңіз;
  • Баланы ғаламторда бірдеңе мазаласа, оны бірден ата-анасына айту керек;
  • Балаңыздың эклекронды поштасымен танысуыңызға рұқсат беруін  талап етіңіз;
  • Балаға ғаламтордағы жауапкершілік пен өзін-өзі қалай ұстау керектігі жайында түсіндіріңіз.

Жоғары сынып оқушыларының ата-аналарына кеңес (14-17жас)

  • Балаңыздың қандай чат, әлеуметтік сайт, хабарландыру парақшаларын пайдаланып жүргенін  бақылаңыз;
  • Балаңыздың ғаламтор арқылы танысқан адаммен кездесуіне рұқсат бермеңіз;
  • Өзің туралы ақпарат берудің құпия болудың мәнін түсіндіріңіз.
  • Балаға спамнан қорғануға көмектесіңіз;
  • Балаңыздың ғаламторды бұзақылық үшін пайдалануына жол бермеңіз;
  • Жасөспірім балаңыз ғаламтор арқылы бір затты сатып алуда, сатуда сізбен ақылдасатын болсын;
  • Балаңызбен құмар ойындарды және олардың зияны туралы талқылаңыз.

 

Қауіпсіздікті көтерудің  алғашқы қадамдары:

  • Компьютердің   бағдарламалық жабдықтарының лицензиялары болатын болсын;
  • Антивирустық бағдарламалар орнатыңыз;
  • Антивирустық бағдарлама базасының  үнемі жаңарып отыруын қадағалаңыз;
  • Компьютерді үнемі вирусқа тексеріп тұрыңыз. Спам-сүзгі орнатыңыз;
  • Өзіңіз білмейтін қолданушыдан келген хатты ашпаңыз;
  • Спамды басқа адамдарға жібермеңіз.